«Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМҚК
Диспансердің қызметі 1933 жылдан басталды. Туберкулезге қарсы қызметтің қалыптасуында түбегейлі өзгерістер 50-жылдары орын алды.
1956 жылы 4 санатты облыстық туберкулезге қарсы диспансерді 3 санатты диспансер етіп қайта құру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, шешімге Павлодар облысының аудандарында 1955-1957 жылдарға арналған туберкулез ауруханалары мен бөлімшелерін ашу жөніндегі іс-шаралар жоспары қоса берілді.
Сол 1956 жылы туберкулезбен ауыратын науқастарды хирургиялық емдеу саласында ұйымдастыру туралы мәселе қойылды.
1957 жылы облыстық туберкулез диспансері 3-санаттан 1-санатқа ауыстырылып, 100 төсек-орынға кеңейтілді. Сонымен қатар, Екібастұз қаласында, Майқайың кентінде туберкулезге қарсы диспансерлер, сондай-ақ Павлодар қаласының балалар ауруханасында және кейбір аудан орталықтарында туберкулезге қарсы кабинеттер ашылды.
1972 жылы Қамзин көшесі 275 мекенжайында жаңа диспансердің ашылуы Павлодар облысында туберкулезге қарсы қызметті дамытудағы елеулі қадам болды.
Туберкулезге қарсы қызметті ұйымдастыруға «Денсаулық сақтау үздіктері» бас дәрігерлері Акопян В.А. (1959-1970 жж.), Кадыров А.К. (1970-1984 жж.), Ахмеджан И.Р. (1984-2000 жж.) зор үлес қосты.
«100 мектеп, 100 аурухана» республикалық жобасы аясында 2010 жылы туберкулезге қарсы диспансердің жаңа корпусы салынып, пайдалануға берілді. Диспансердің төсек-орын қуаттылығы тәулік бойы жұмыс істейтін 905 төсек-орынды құрады.
Сонымен қатар, облыста туберкулезді кешенді бақылаудың ұлттық стратегиясы іске асырылды: 2018 жылы учаскелік фтизиатриялық қызмет алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – АМСК) ұйымдарының қарауына берілді (емханалар, амбулаториялар және т.б.).
АМСК желісіндегі фтизиатр дәрігерлерінің негізгі функциялары – туберкулезді анықтау, диагностикалау, науқастарды амбулаториялық кезеңде емдеу және халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрес жөніндегі 2014–2019 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында күндізгі стационарлар ұйымдастырылды.
2021 жылғы 1 қазанда Павлодар облысы әкімінің қаулысымен «Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.
Бүгінгі таңда Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығы облыстағы туберкулезге қарсы қызметтің жұмысын үйлестіретін денсаулық сақтаудың мамандандырылған диагностикалық және емдеу-алдын алу ұйымы болып табылады.
Қазіргі уақытта Орталықтың құрылымы инфекциялық бақылау талаптарына сәйкес:
– облыстық деңгейде – бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған бөлімшелер, хирургиялық және реанимациялық бөлімшелер;
– аудандық деңгейде Баянауыл туберкулезбен ауыратындарды қалпына келтіріп емдеу және оңалту бөлімшесі жұмыс істейді.
Фтизиопульмонология орталығында бұрын облыстық психоневрологиялық диспансердің құрамында жұмыс істейтін 24 төсектік психоневрологиялық бұзылулары бар туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған бөлімше бар.
Сонымен қатар, Орталық жанынан консультативтік-диагностикалық бөлімше ұйымдастырылған. Бұл бөлімшенің негізгі міндеттері – жоғары білікті фтизиатриялық консультативтік көмек көрсету, емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде тексеру мерзімдерін қысқарту мақсатында туберкулезді диагностикалаудың заманауи әдістерін қолдану болып табылады.
Көрсетілген жағдайларда консультативтік-диагностикалық бөлімше мамандарының науқастарды динамикалық бақылауды ұйымдастыруы қымбат тұратын жабдықтарды неғұрлым үнемді әрі тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Фтизиопульмонология орталығы туберкулезді сапалы әрі уақтылы диагностикалауды қамтамасыз ететін заманауи диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етілген: төмен дозалы цифрлық рентген және флюорографиялық аппараттар, зертханалық диагностика үшін соңғы үлгідегі гематологиялық, биохимиялық, бактериологиялық және иммуноферменттік талдағыштар қолданылады. Соның ішінде автоматтандырылған «Bactec» жүйесі бар, ал көп дәріге төзімді туберкулезді 2–3 сағат ішінде жедел молекулалық-генетикалық диагностикалау үшін «G-Xpert» аппараты пайдаланылады. Сонымен қатар, Жапонияда өндірілген сараптамалық деңгейдегі ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараты және басқа да заманауи медициналық жабдықтар бар.
Тері ішіне сынама қоюға арналған «Диаскинтест» инновациялық диагностикалық тесті енгізіліп, қолданылуда, оның мақсаты: туберкулезді диагностикалау, үдерістің белсенділігін бағалау және белсенді туберкулездің даму қаупі жоғары тұлғаларды анықтау; туберкулезді дифференциалды диагностикалау; вакцинадан кейінгі және инфекциялық аллергияны (баяу типтегі жоғары сезімталдық) дифференциалды диагностикалау.
Мамандандырылған медициналық көмек және туберкулезбен ауыратын науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізіледі.
Туберкулезді емдеудің тиімді және сапалы нәтижесін алу, емдеу мерзімін қысқарту үшін фтизиопульмонология орталығына дәрілік препараттармен қатар коллапсотерапияның тиімді аз инвазивті дәрі-дәрмектік емес әдістері: клапанды бронхоблокация және жасанды пневмоторакс жүргізу пайдаланылады.
Миссиясы:
«Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМКҚ – әлеуметтік бағытталған медициналық ұйым болып табылады. Оның негізгі мақсаты – пациенттерге мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін, уақытылығын, сапасын және жалғасымдылығын қамтамасыз ету, стандартты технологиялар мен заманауи бактерологиялық зерттеу әдістерін қолдану арқылы қызмет көрсету.
Біз медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін медициналық қызметкерлердің біліктілігін үнемі арттыру, жоғары корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және кәсіби абыройды сақтау арқылы қамтамасыз етеміз.
Біз әр адамның өмірлік миссиясын орындауы үшін физикалық саулыққа қол жеткізу арқылы салауатты ұрпақты қалыптастырамыз.
Мақсатымыз бен міндеттеріміз:
Қоғамның медициналық қызметке деген сұранысын қанағаттандыру, елдің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту, инновациялық технологиялар мен заманауи диагностика және емдеу әдістерін енгізу арқылы нәтиженің сапасын арттыру.
Құндылықтар:
Пациенттің құқықтарын құрметтеу, кәсіпқойлық, тәлімгерлік және біздің ұйымның тәжірибесі мен дәстүрлерін пайдалану; гуманизм мен мейірімділік, корпоративтілік, көшбасшылық.
Байланыстар
«Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМҚКМекен-жайы:
Email:
РК, г. Павлодар, Улица Камзина, 275
dotspvl@mail.ru
ScreenReader 




