Басшылық
Мусин Даулетбек Серикович
Руководитель Жұмыс режимі: Дүйсенбі-жұмаАзаматтарды қабылдау кестесі
«Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК- емделушілерді қорғау және ішкі медициналық қызметтің сапасын тексеру қызметі (ішкі аудит қызметі) жұмыс істейді.
Емделушілерді қолдау қызметінің мақсаты – проблемалық сұрақтарды анықтау және медициналық көмек көрсету сапасын тексеру мен жақсарту.
Егерде Сіз:
— медициналық көмектің сапасына наразылық білдірсеңіз;
— медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекілік әрекетке кезіксеңіз;
— тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында медициналық қызмет үшін медициналық қызметкерлер тарапынан ақшалай қаражат талап етулеріне кезіксеңіз;
— сонымен қатар медициналық көмек көрсету сапасына байланысты және басқа проблемалық сұрақтарға кезіксеңіз емделушілерді қолдау қызметіне жүгінулеріңізді өтінеміз;
Сіз балалар және ересектерге арналған емханадағы, стационарлық бөлімшелердегі, қабылдау бөлімшесіндегі жәшіктерге өзіңіздің атыңыз, тегіңіз көрсетілген (телефон, мекенжай) жазбаша жүгінуіңізді қалдыруларыңызға болады. Өтініштер үлгілері ақпараттық стендтерде көрсетілген. Сонымен қатар біздің сайтымызға да жазуға болады.
Емделушілерді қолдау қызметі сіздің шағым – ұсыныстарыңызды қысқа мерзім ішінде қарастырып, 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей сіздің шағым – ұсыныстарыңыздың қорытындысы бойынша сізге ақпарат ұсынады.
Емделушілерді қолдау қызметіне емделіп жүрген науқастар ғана емес, сондай-ақ олардың туыстары да жүгіне алады.
Біздің ұйымның медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуына байланысты біз сізге және сіздің ұсыныстарыңызға, тілектеріңізге алғыс білдіреміз.
Телефон нөмірі: 8 (7182) 573110, 8 (7182) 650097
Құрметпен,
Емделушілерді қорғау және ішкі тексеру қызметі
Емделушілердің және олардың туыстарының мәліметіне:
Павлодар облысы және Павлодар қаласындағы туберкулез науқастарды әлеуметтік қолдау бойынша ақпарат
1.«Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 ж.31.05 ж.№ 1241 Қаулысына сәйкес стационарлық және амбулаторлық емделу уақытында жұмыс істеген науқастарға 10 айға дейін еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі. Мүгедектікті немесе жұмысқа жарамсыздық парағын беруді анықтау үшін науқасты медико-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жібереді.
2.Туберкулезді таратушы, жұмыс істемейтін қайтымсыз айқын патоморфологиялық және функциялық өзгерістері бар және көптеген дәріге төзімді науқастар емдеуді бастағаннан сегіз айдан кем емес мерзімде мүгедектікті анықтау үшін медико-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жібереді.
3.ПОТҚД учаскелік фтизиатры не аумақтық туберкулезге қарсы аурухананың жолдамасымен емдеу курсын бітірген емделушілер Баянауыл емді қалпына келтіру және оңалту бөлімшесінде денсаулығын оңалтады. Осы бөлімшеде бацилла бөлмейтін қолдау кезеңіндегі курстан өткен емделушілер сауығудан өтеді.
4.Бұрыннан диспансерлік есепте тұрған, туберкулез жұқтырғаннан кейінгі қалдық өзгерістері бар тұлғалардың ПОТҚД учаскелік фтизиатры не аумақтық туберкулезге қарсы аурухана жолдамасымен Ақмола облысындағы «Бурабай» республикалық оңалту орталығында сауықтыру курсынан өтуге мүмкіндігі бар.
5.Амбулаторлық емделу кезеңіндегі емделушілер құқығы:-учаскелік фтизиатрлардың жолдамасымен Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларындағы әлеуметтік асханадан күніне 1 рет тегін ыстық тамақ алуға;
-қалалық және аудандық мәслихаттардың шешімімен жергілікті бюджет қаржысынан ПОТҚД не туберкулезге қарсы аурухана ұсынған тізімнің негізінде Павлодар қаласы бойынша 10 ең төмен есептік көрсеткіш көлемін де біржолғы жәрдем, аудандарда 5-7ең төмен есептік көрсеткіш көлемінде й сайын материалдық көмек алады.
6.Туберкулезбен байланыста болған балаларды сауықтыру үшін облыста балалар шипажайлары жұмыс істейді: Шарбақты ауданы, Шалдай мектеп- интернаты, Павлодар қаласындағы туберкулезге қарсы балалар шипажайы, облыстың қалалары мен аудандарындағы шипажайлық балалар бақшасы және шипажай топтарына арналған мекемелер.
Байланыстар
«Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМҚКМекен-жайы:
Email:
РК, г. Павлодар, Улица Камзина, 275
dotspvl@mail.kz
ScreenReader 








