about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Азаптаулардың алдын алудың ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ)

1998 жылы 29 маусымда Қазақстан БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе…

1, марта 2024

1998 жылы 29 маусымда Қазақстан БҰҰ-ның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазаларға қарсы конвенциясын ратификациялады. 2008 жылғы 26 маусымда БҰҰ Азаптауларға қарсы конвенциясына Факультативтік хаттаманы ратификациялады. Азаптауларға қарсы конвенцияның Факультативтік хаттамасына сәйкес Мемлекет басшысы 2013 жылғы 2 шілдеде Азаптауларға қарсы ұлттық алдын алу тетігі (бұдан әрі – ҰАТ) туралы Заңға қол қойды.

  ҰАТ бұл БҰҰ-ның халықаралық шарттарына сәйкес жасалған азаптаулар мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалардың алдын алу жүйесі болып табылады.

  ҰАТ мақсаты – Қазақстандық азаматтарды соттар мен құзыретті мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің негізінде азаматтары уақытша орналасқан мекемелер мен ұйымдарға тәуелсіз профилактикалық сараптамалық алдын ала барулар жүргізуге тарту.

  Мақсаттары, міндеттері, ҰАТ шарттары, сондай-ақ оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттері, кандидаттарға қойылатын талаптар «Қылмыстық-атқару кодексі», «Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексі», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодекстерінде, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген.

 

2023-2024 жылдарға арналған Павлодар облысы бойынша ҰАТ қатысушыларының тізімі

 

  • Молчанов Сергей Николаевич – Топ басшысы
  1. Ахметова АлмагульТемирболатовна
  2. Кайсагалиев Рустем Абаевич
  3. Омарова Гаухар Бакиевна
  4. Шакирова МеруертТемирболатовна
  5. Шаяхметова Елена Владимировна

 

Азаптаулар және басқа да қатыгез қарым-қатынас пен жазалау түрлері туралы күдік немесе қандай-да мәліметтер болған жағдайда мына телефондар арқылы қоңырау шалуды сұраймыз: 8 (7172) 74-05-46, 8 (7172) 74-05-48, немесе төменде берілген электрондық поштаға жазуды сұраймыз: ombudsman-kz@mail.ru.

Байланыстар

«Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМҚК

Мекен-жайы:

Email:

РК, ​г. Павлодар, Улица Камзина, 275

dotspvl@mail.kz

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 60-70-11
Медициналық мекеменің байланыс орталығы