- МӘМС арқылы тек мемлекеттік емханаларда ғана емделуге болады деп ойлайтындар бар.
Шын мәнінде, МӘМС аясында медициналық қызметтерді мемлекеттік ұйымдармен бірге, Қормен келісімшарт жасасқан жеке клиникаларда да алуға болады.
- Кейбір азаматтар МӘМС жарналарын тағы бір салық түрі деп есептейді.
Жоқ, МӘМС – бұл медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға арналған ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарлама. Ол емделуге кететін шығындарды азайтуға көмектеседі.
- МӘМС тегін медицинаны алмастырады.
МӘМС жүйесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алмастырмайды, оны толықтырады. Әр пакеттің өз қызметтер тізімі бар.
- МӘМС үшін төлемесеңіз, жедел жәрдем шақыра алмайсыз.
Жоқ, жедел медициналық көмек, оның ішінде жедел жәрдем шақыру тегін медициналық көмек аясында көрсетіледі. Бұл үшін сақтандырылған мәртебесі қажет емес.
- МӘМС арқылы тек арзан анализдер ғана тапсыруға болады деп ойлайды пациенттер.
МӘМС аясында тек базалық емес, қымбат зерттеулерді де тапсыруға болады. Сондай-ақ дәрігердің тағайындауымен толық диагностикадан өтуге мүмкіндік бар.
ScreenReader 










